Новости
Көктемнің осы тамаша күнінде Сіздерге мерекелік көңіл-күй, денсаулық, барлық істеріңізге табыс, отбасыларыңыз бен достарыңызға амандық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену тілейміз!
"Асыл Мирас" аутизм орталығының қызметкерлері "Бірге Таза Қазақстан" жалпықалалық экологиялық айлығы акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Іргелес аумақты тазалау барысында көгалдар қоқыстан тазартылды, қурап қалған бұтақтар алынып, терезелер мен витраждар тазаланып, жуылды.




Қаламызда аутизм спектрі бұзылған балалар салған суреттер көрмесі жалғасуда.
Сіз бұл керемет суреттерді 30 сәуірге дейін MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында көре аласыз.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) "Асыл Мирас" аутизм орталығының қызметкерлері тегін кеңес береді.
2022 жылы 6 сәуірде "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп " Аутизм орталығы жағдайында АСБ бар балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері"тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарда педагогтар "Асыл Мирас" Аутизм орталығы қызметінің технологиялық процесі туралы айтып, келесі тақырыптарды қарастырды:
• “АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқы. Қандай дұрыс әрекет жасау керек?”
• “3 жасқа дейінгі АСБ бар балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыру”
• “Ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту”
02.04.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Mega Silk Way» сауда орталығында Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай балалардың салған суреттерінің көрмесі өтті.
Көрмеде «Асыл Мирас» орталықтарына келетін АСБ бар балалардың жасаған жұмыстары қойылды.
Орталық мұғалімдері келушілердің сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, ақпарат таратты.
КГУ «Центр поддержки детей с аутизмом «Асыл Мирас» г.Нур-Султан, приглашает всех на День открытых дверей, посвящённому Всемирному дню распространения информации об аутизме!
Дата: 01.04.2022 г.
Время: с 11:00
Нұр-сұлтан қаласы "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Кәсіподақ төрағасы Әлиев Батыр Әлиұлымен ұжымдық жиналыс өтті.
Жиналыста кәсіподақ қызметі туралы ақпарат алынды, сондай-ақ білім беру қызметкерлерінің кәсіподағына кіру туралы ұжымның шешімі қабылданды.
2022 жылы 6 сәуірде "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп " Аутизм орталығы жағдайында АСБ бар балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері"тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарда педагогтар "Асыл Мирас" Аутизм орталығы қызметінің технологиялық процесі туралы айтып, келесі тақырыптарды қарастырды:
• “АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқы. Қандай дұрыс әрекет жасау керек?”
• “3 жасқа дейінгі АСБ бар балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыру”
• “Ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту”
Сіздерді шын жүректен Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Ұлыстың ұлы күні сіздердің шаңырақтарыңызға қуаныш, бақ-береке мен ырыс әкелсін!