
АСБ бар балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының маңыздылығы
АСБ бар баланың өзіне-өзі қызмет көрсете алуы өте маңызды.
Әдетте, бала ата-анасына назар аудара отырып, оларға еліктей бастайды (немесе олардың іс-қимылдарын қайталайды). Мысалы, үйге келгеннен кейін қолын жуады, сорпаны жеу үшін қасықты қолданады, киімді шкафтың ішіне салады.
Бірақ AСБ бар бала жоғарыда аталған дағдыларды үйрену барысында қиындықтарға тап болады. Сондықтан да оған ата-анасының қолдауы мен көмегі қажет. Мысалы, егер бала қолдарын қалай жуу керектігін білмесе, оны табиғи жағдайда үйретуге болады:
"Сен печенье жейсің бе? Алдымен қолдарыңды жуайық!»
"Сен қолдарыңды бояумен былғадың ба? Қолдарыңды жууға барайық!»
Бала қолын жууға барғанда, ата-анасы дұрыс көмек көрсетіп, рет пен жүйелілікті сақтауы керек.
Есіңізде болсын, бала ең алдымен келесі дағдыларды үйренуі керек: киіну (футболка, шалбар, шұлық), тамақ ішу (қасықты қолдану, стаканнан ішу), гигиенаны сақтау (қолды жуу, тіс тазалау) және дәретханаға бару.
