Астана қаласы әкімдігінің

"№1 «Асыл Мирас» аутизмі бар
балаларды қолдау орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бағдарлама
Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ
Біз туралы
"Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ

Астана қаласы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорының ынтымақтастығы арқасында 2020 жылғы 3 шілдеде Астана қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 23/2 ғимарат мекенжайы бойынша жаңа «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ ашылды.

«Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ үшін ғимаратты қалалық әкімдік бөліп, «Болат Өтемұратов қоры» ЖҚ жөндеу жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырды.

Астана қаласы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде «Асыл Мирас» аутизм орталығы Астана қаласы Білім басқармасының атынан мемлекеттік оператор арқылы «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ нысанында мемлекеттің қарамағына берілді.

Елордада «Асыл Мирас» аутизм орталығы алғаш рет 2015 жылы ашылған болатын. Осы жылдар ішінде орталық мамандары оқытудан өтіп, ғылыми зерттеулермен расталған және дәлелді базасы бар әдістемелер бойынша халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болды.

Жаңалықтар
Бүгін орталығымызға Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері арнайы жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында орталықтың қызметі, аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетудің маңыздылығы талқылан
Бүгін орталығымызда «Әлеуметтік дағдыларды дамыту» бағдарламасының қатысушылары мерекелік шағын концерт ұйымдастырды. Бейнежазбаны жүктеу
Ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге шабыт, жүректеріңізге жылулық, шәкірттеріңізге толағай табыс тілейміз! Бейнежазбаны жүктеу
Біздің серіктестер
Контакты
Республика Казахстан
г. Астана, ул. Ш. Уәлиханова
зд. 23/2. Почтовый индекс: 010000
Посмотреть на карте Астана