Мемлекеттік қызметтер
1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурс мекенжайы): оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері
2. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат
3. Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәсілі туралы ақпарат
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға шарт жасасу үшін құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 60 минут; мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курсынан өту үшін – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін;
- құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды;
- құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды;
- қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініші (еркін нысанда);
- көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат;
- көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін көрсетіледі);
- көрсетілетін қызметті алушының дамуында психофизикалық бұзылыстардың бар екенін растайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру
7. Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамалық қызметтерінің нөмірлері болған жағдайда) 1414, 8 800 080 7777 – мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына 2-қосымша
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)
Жалпы ережелер
1. Осы "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – көрсетілетін қызметтің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және/немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.
Құжаттарды тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынған кезде, өтініш берген күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, содан кейін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
5. www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды жүзеге асырады, электрондық сұрау салу өрістерін толтырады және құжаттар пакетін қоса береді.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
7. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды. Басшы қарағаннан кейін құжаттарды балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және оңалтуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсын өткізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінді құрайды.
9. Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мамандарының командалық бағалауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтама беріледі.
10. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға курс аяқталған күні беріледі және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылына (әрекетсіздігіне) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-қимылына (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
6-тарау. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы.
192. Аутизм-орталығы аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін жеке даму жоспарын (бұдан әрі – ЖДЖ), "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасын, түзету-дамыту бағдарламаларын қамтитын жеке дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – Қолдау бағдарламасы) іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.
193. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қолдау жеке, кіші топтық/топтық жұмыс, психологиялық-педагогикалық кеңес беру және аутизмі (аутистік дамуы бұзылған) бар баланың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін (отбасы мүшелерін) оқыту нысанында ұсынылады.
194. Аутизм-орталығы аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға, оның ішінде білім беру ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында білім алатын, психологиялық-педагогикалық қолдау болмаған жағдайда аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
195. Аутизм-орталығы білім беру ұйымдарының педагогтеріне аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларды оқыту, түзету, дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
196. Аутизм-орталығын басқару дара басшылық және алқалы басқару принциптеріне негізделеді. Алқалы басқару нысаны әдістемелік кеңес болып табылады.
197. Аутизм-орталығын басқаруды директор жүзеге асырады.
198. Аутизм-орталығына аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балалар ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен қабылданады. АСБ (РАС) скринингін жүргізу және консультациялық-диагностикалық көмек алу мақсатында ата-аналардың (заңды өкілдердің) ПМПК ұсынымысыз және қорытындысысыз аутизм-орталығына жүгінуіне жол беріледі.
199. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Жұмыс оқу жоспарымен және аутизм-орталығының директоры бекітетін сабақ кестесімен регламенттеледі.
200. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қолдауды клиникалық педагогтер жүзеге асырады.
Супервайзер (әдіскер) психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын, нысандарын, әдістерін анықтауда әдістемелік көмек көрсетеді, клиникалық педагогтердің командалық және жеке бағалауды ұйымдастыру, ЖДЖ және отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді.
Әлеуметтік педагог ата-аналарға әлеуметтік мәселелер, оның ішінде әлеуметтік жәрдемақылар, қызметтер алу, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосымша көмекші құралдары бойынша кеңес береді.
Тіркеуші ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың құжаттарын тіркейді және оларды аутизм-орталығының директорына береді. Педагогтерді жұмысқа қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.
201. Психологиялық-педагогикалық қолдау "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасына сәйкес, арнайы әдістерді және оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып, балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
202. Аутизм-орталығында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ұзақтығы "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасына және аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балалардың даму ерекшелігіне сәйкес, аптасына 3 рет қарқындылықпен, цикл – 36 сабақ болып анықталады. Сабақтың ұзақтығы 60 минутты құрайды.
203. Аутизм-орталығының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәртібі мыналарды қамтиды:
1) баланы ПМПК қорытындысы бойынша Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес тіркеу журналында (www.chis.kz) аутизм-орталығына тіркеу.
2) Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес баланың даму картасында баланың анамнестикалық деректерін жинау және алғашқы кеңес беру.
3) клиникалық педагогтің баланың психофизикалық күйін диагностикалық зерттеуі (M-CHAT-R, ADOS-2, құрылымдалмаған бақылау).
4) ABLLS-R базалық сөйлеу және оқу дағдыларын бағалау хаттамасына немесе Халықаралық функциялар, тіршілік әрекетінің шектелуі және денсаулық жіктемесіне (бұдан әрі – ХФЖ) сәйкес функционалдық талдау (бұдан әрі – ФТ).
5) Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес ФТ нәтижелері бойынша ЖДЖ әзірлеу.
204. Қолдау бағдарламаларында ЖДЖ іске асыру:
1) "Ерте қолдау" бағдарламасы 0-ден 3 жасқа дейінгі ата-ана мен баланың өзара іс-қимылына бағытталған.
Сабақтың ұзақтығы 60 мин, циклдің ұзақтығы – 36 сабақ.
2) "Оқу дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3-тен 10 жасқа дейінгі баланың оқу дағдыларын дамытуға бағытталған.
3) "JASPER сөйлеу дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3-тен 7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу және ойын дағдыларын дамытуға бағытталған.
4) "Әлеуметтік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан асқан баланың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.
5) "Өмірлік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан асқан баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
6) "Қарқынды курс" бағдарламасы баланың психологиялық даму деңгейі мен жасын ескере отырып, тіршілік әрекеті дағдыларын дамытуға бағытталған, баламен жеке сабақтар және аутизмі (аутистік дамуы бұзылған) бар баланың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін (отбасы мүшелерін) жеке оқыту арқылы іске асырылады.
Сабақтың ұзақтығы 60 минут, курстың ұзақтығы 10 сабақ, сабақтар күнделікті өткізіледі.
7) Қолдау бағдарламасының клиникалық педагогі әрбір сабақтың қорытындысы бойынша күнделікті мониторинг және цикл аяқталғаннан кейін баланың дамуын қорытынды бағалауды (қайталама ФТ) жүргізеді.
8) цикл аяқталғаннан кейін клиникалық педагог ата-аналар үшін қалыптасқан дағдыларды бекіту және үй жағдайында жаңа дағдыларды алу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
9) клиникалық педагог бекітілген кесте бойынша цикл бойы ата-аналар үшін жеке және топтық сабақтар нысанында оқыту семинарларын, тренингтерді, вебинарларды, консультацияларды, супервизияларды өткізеді.
205. Алғашқы диагностикалық кеңес беруді, балалармен сабақтарды, ата-аналарды оқытуды кесте бойынша қашықтық форматта өткізуге жол беріледі.
206. Аутизм-орталығының штат кестесі жүгінген балалардың саны және олардың қызметтерге деген қажеттіліктері негізінде қалыптастырылады.
207. Клиникалық педагог, супервайзер, әлеуметтік педагог үшін нормативтік оқу жүктемесі аптасына 18 сағатты, директор, тіркеуші үшін – 30 сағатты құрайды.








