Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына 2-қосымша
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)
Жалпы ережелер
1. Осы "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – көрсетілетін қызметтің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және/немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.
Құжаттарды тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынған кезде, өтініш берген күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, содан кейін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
5. www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды жүзеге асырады, электрондық сұрау салу өрістерін толтырады және құжаттар пакетін қоса береді.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
7. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды. Басшы қарағаннан кейін құжаттарды балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және оңалтуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсын өткізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінді құрайды.
9. Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мамандарының командалық бағалауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтама беріледі.
10. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға курс аяқталған күні беріледі және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылына (әрекетсіздігіне) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-қимылына (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.








