Новости
Бүгін орталығымызға Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері арнайы жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында орталықтың қызметі, аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетудің маңыздылығы талқыланды.

Бүгін орталығымызда «Әлеуметтік дағдыларды дамыту» бағдарламасының қатысушылары мерекелік шағын концерт ұйымдастырды.

Ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге шабыт, жүректеріңізге жылулық, шәкірттеріңізге толағай табыс тілейміз!

Бүгін біздің орталығымызда ата-аналарға арналған Saqtag білезігі туралы таныстырылым өтті. Кездесу барысында жобаның мүмкіндіктері, білезікті қолдану тәртібі және оның бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы ақпарат берілді. Балалардың қауіпсіздігіне бағытталған осындай маңызды бастамалар үшін алғыс білдіреміз!
11 жыл — 11 жылдық тарих, мыңдаған жүрекке сыйлаған жылу мен үміт! Бүгінгі мерейтойымызда бізге жүрекжарды тілектерін арнаған ата-аналарымызға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз — біз үшін ең үлкен мотивация. Әр баланың жетістігі — біздің ортақ қуанышымыз!«Асыл Мирас» орталығына — 11 жыл! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет!

Ұжымымызға береке, еңбегімізге толағай табыс, ал кішкентай бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ тілейміз!11 жыл — талай жүрекке жол ашқан жылдар! Туған күніңмен, «Асыл Мирас»!

Болат Өтемұратов Қорының «Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасы аясында Қазақстанның 12 қаласында 13 аутизм орталығы жұмыс істейді. Біз алдағы уақытта әр орталықтың қызметі мен жетістіктері туралы біртіндеп таныстыра бастаймыз. Ал бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Асыл Мирас» № 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ орталығының 11 жылдығына орай, айдарымызды осы орталықтан бастауды жөн көрдік.

Біздің орталығымыздың 11 жылдық мерейтойына орай Болат Өтемұратов қорының басшысы Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы және арнайы қонақтар келіп, орталығымызға ізгі тілектерін арнады. Мерекелік шара барысында орталығымызда 10 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер арнайы төсбелгімен марапатталды. Орталығымыздың дамуына үлес қосып, талай жыл бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан әр маманға алғысымыз шексіз!

Алматы қаласында Қазақстанның 12 өңірінен келген «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының басшылары, супервайзерлері және аға супервайзерлеріне арналған екі күндік тренинг өтті.70-тен астам қатысушы «Аутизм. Баршамызға бір әлем 2.0» бағдарламасының жаңартылған стандарттарымен танысып, дағдыларды бағалау, интервенция стандарттары, супервизия және практикалық кейстерді талқылады. Тренинг барысында командалық жұмыс пен тиімді коммуникацияға ерекше назар аударылды. Тренингтің басты мақсаты — «Асыл Мирас» орталықтарының жұмысында және балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін көмектің сапасында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.

Балаға сұрауды үйрету — коммуникацияны дамытуға жасалған маңызды қадам. Жалғасын карусельден көріңіз 👉🏻














