Алматы қаласында Қазақстанның 12 өңірінен келген «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының басшылары, супервайзерлері және аға супервайзерлеріне арналған екі күндік тренинг өтті.70-тен астам қатысушы «Аутизм. Баршамызға бір әлем 2.0» бағдарламасының жаңартылған стандарттарымен танысып, дағдыларды бағалау, интервенция стандарттары, супервизия және практикалық кейстерді талқылады. Тренинг барысында командалық жұмыс пен тиімді коммуникацияға ерекше назар аударылды. Тренингтің басты мақсаты — «Асыл Мирас» орталықтарының жұмысында және балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін көмектің сапасында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.

«Асыл Мирас» орталықтарының басшылары мен супервайзерлеріне арналған тренинг

Біздің серіктестер