Новости

05.04.2024 Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін "Аутизм орталығында АСБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар спикерлері болып "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда келесі тақырыптар қамтылды:

1. "Асыл Мирас" Аутизм Орталығының қызметінің технологиялық процесі;

2. "Асыл Мирас" Аутизм орталығындағы диагностикалық тексеру;

3. АСБ бар балалардың ерте дамуы (0-3 жас);

4. AСБ бар баланың жағымсыз мінез-құлқы. Жағымсыз мінез-құлыққа дұрыс жауап беру жолдары;

5. АСБ бар балалардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу.

 

Тақырыптар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында спикерлер қойылған  сұрақтарға жауап берді.

2024 жылғы 2 сәуірде "Асыл Мирас "№ 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ -де Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік күні» өтті. Қонақтардың арасында "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығында оқу курсынан өтіп жатқан педагог-ассистенттер, білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары болды. Іс-шара барысында қонақтарға арнайы экскурсия өткізіліп, аутизм орталығының жұмысымен таныстырылды. Сондай-ақ, мамандарға АСБ бар балаларда жағымсыз мінез-құлық пайда болған кездегі түзете-педагогикалық жұмыс стратегиялары туралы ақпарат берілді.

“Оқыту дағдыларын дамыту” бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалық көмек алып жүрген Мусин Нұрисламның анасы Мусина Айнагүлден пікір✨

03.04.2024 ж. Біздің орталықтың педагогтары Астана қаласының 8 мектеп-лицейіндегі инклюзияны қолдау кабинетінің мұғалімдеріне және ата-аналарға консультация жүргізді.

АСБ бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, қажетсіз мінез-құлық түрлері, қажетсіз мінез-құлықпен жұмыс істеу кезінде мұғалімнің мінез-құлық әдістері мен стратегиялары туралы хабардар етті.

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің сұрақтарына жауап берді.

15.03.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің  "Асыл Мирас" №1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы " КММ – де семинар-практикум өтті. Семинардың тақырыбы "Аутизм орталықтарында АСБ  бар балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктер". Семинар-практикумға Ақмол ауылы, Целиноград ауданы №11 ППТК мамандары және "Нұрлы Жүрек "әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша мамандарымызға семинар өткізілді:

Біз 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қыздарымызды қуантып, ұзақ уақыт есте қалатын "Көктем аруы" байқауын өткізуді шештік!
Бірінші байқау ретінде  "Сәлемдесу" болды. Қатысушылар өзгеше нөмірлер дайындап, өздерін және өз командаларын таныстырды.

"Джаспер" және "оқыту дағдыларын дамыту"бағдарламалары бойынша. Асыл Мирас орталығында психологиялық-педагогикалық көмек курсынан өткен екі баланың анасынан пікір.

Біздің серіктестер