Новости
“Әлеуметтік дағдыларды дамыту” бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалық көмек курсын аяқтаған Самат Самидің анасы Тольтаева Жаннаның пікірі.✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨
«Оқыту дағдыларын дамыту» бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалық көмек курсын аяқтаған Үсенбай Айторғын мен Үсенбай Айбардың анасы Дәкен Гүлнұрдың пікірі.
1 маусым-Балаларды қорғау күні құтты болсын. Орталығымызға келіп жүрген балақайларға арнап мерекелік іс-шара өткіздік. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен ойындарға қатысып, жарқын әсерлерге бөленді. Барша балаларды мерекемен құттықтаймыз! Әр баланың балалық шағы бақытқа, қуанышқа және мейірімге толы болсын! 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері Астанада өткен Run for Autism қайырымдылық жүгірісіне қатыстыАстанада өткен Run for Autism қайырымдылық жүгірісіне Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері мен «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының мамандары қатысты. Ауқымды шараға шамамен 5000 адам жиналды.
Қор командасынан 57 қызметкер жарыс жолына шықты. Олардың қатарында Астана, Қарағанды, Павлодар мен Семей қалаларындағы «Асыл Мирас» орталықтарының мамандары бар.
Қатысушылар 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықты еңсерді.
Жүгіріс @BolashakCharity қорының ұйымдастыруымен өтіп, Аутизм туралы ақпарат тарату дүниежүзілік айы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара АСБ бар адамдарды қолдауға бағытталды.
2 сәуір — Аутизм туралы ақпарат тарату күні 💙Бүгін орталықта Ашық Есік күні мен “АСБ бар балаларды мектепке дейінгі ортада қолдау: түсіну мен тәжірибе” тақырыбындағы қалалық семинар-практикуи өтті. “Асыл Мирас” мамандары білім мен тәжірибелерімен бөлісті. Аутизм — бұл ауру емес,бұл — әлемді басқаша қабылдау. Әр бала — ерекше. Әр бала — маңызды.“Асыл Мирас” — әр баланың мүмкіндігіне сенеді. Қолдайық. Түсінейік. Қабылдайық.
Оқыту дағдыларын дамыту”бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалык көмек курсын аяқтаған Бердіғали Айтөренің анасы Шапатова Тілек Талғатқызының пікірі ✨
Сіздер – мейірімнің, төзімнің және үлкен күштің үлгісісіздер. Әсіресе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі мен махаббаты шексіз.
Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында балалар күн сайын жаңа жетістіктерге жетуде.
Өмірлеріңіз қуанышқа, жылулыққа және әдемі сәттерге толы болсын!
Бүгін орталығымыздың мамандары Сапар Камила, Жакупова Лаура мектеп және балабақша педагог-ассистенттеріне арналған семинар-практикумда «АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқымен дұрыс жұмыс жасау жолдары» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқымен жұмыс жасау тәсілдері мен оның алдын алу жолдары туралы айтылды.









