Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері Астанада өткен Run for Autism қайырымдылық жүгірісіне қатыстыАстанада өткен Run for Autism қайырымдылық жүгірісіне Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері мен «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының мамандары қатысты. Ауқымды шараға шамамен 5000 адам жиналды.
Қор командасынан 57 қызметкер жарыс жолына шықты. Олардың қатарында Астана, Қарағанды, Павлодар мен Семей қалаларындағы «Асыл Мирас» орталықтарының мамандары бар.
Қатысушылар 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықты еңсерді.
Жүгіріс @BolashakCharity қорының ұйымдастыруымен өтіп, Аутизм туралы ақпарат тарату дүниежүзілік айы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара АСБ бар адамдарды қолдауға бағытталды.








