Новости

Біздің орталық АСБ бар балаларға келесі бағдарламалар бойынша қызмет көрсетеді: 1.Ерте қолдау 2.Сөйлеу машықтар 3.Өмірлік машықтар 4.Үйретуші машықтар 5.Әлеуметтік машықтар Әрбір бағдарлама АСБ бар баланың нақты дағдыларын дамытуға бағытталған
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Шәкірттерін білім нәрімен сусындыратын, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұзтазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастарлі ұзтаздық қызметте табыс тілейміз!

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға мол бақыт, зор денсаулық, бейбіт өмір, таусылмас табыс, амандық тілейміз!Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейе берсін!
"Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығы " КММ-де жаңа педагогтарды оқыту. 2022 жылдың 15-19 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ-не Болат Өтемұратов Қорының ресурстық орталығының мамандары сапармен келді. Тренерлер Чувашев Юрий, Цой Алена және Умбетова Жанна орталықтың жаңа педагогтары үшін оқыту өткізіп, сабақтарда практикалық көмек көрсетті.
2022 ж.18 тамызында Нұр-Сұлтан қаласының "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ-ға қалалық мәслихат депутаттарының сапары өтті. Нұр-Сұлтан қаласының қалалық мәслихат депутаттарының сапары барысында орталық бойынша экскурсия жүргізілді: қонақтар орталықтың кабинеттерін қарап, психологиялық-педагогикалық жұмысы туралы мағлұмат алды, арнайы мамандармен және балалардың ата-аналарымен әңгіме жүргізді. ҮЕҰ, Білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен АСБ бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша талқылау өтті.
Астана күні құтты болсын! Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Нұр-Сұлтан - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Астана күні мерекесінде сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз. Сүйікті қаламыз – Нұр-Сұлтан көркейе берсін!
Балалар өз қолдарымен "Әлем - бұл балалар"атты түрлі-түсті панно жасады. Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында 2022 жылдың 30-31 мамыр аралығында біздің орталықта суреттер байқауы өтті және шығармашылық шеберхана жұмыс істеді. Шығармашылық шеберханада балалар ата – аналарымен, педагогтармен бірлесіп өз қолдарымен "Әлем-бұл балалар" атты үлкен көркем панно жасады: қарындаштармен, саусақтармен сурет салып, гүлдерді бояп, көбелектерді қиып, аппликацияларды жапсырды. Әр бала сыйлық ретінде сабын көпіршіктерін алды.
Бізге азаттық пен бейбітшілік сыйлаған Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілейміз. Мейрамдарыңызбен!
Осы көктемгі күн жақсы көңіл-күй мен жарқын эмоциялар әкелсін! Дендеріңіз сау және әрқашан жігерлі, физикалық күшті, мақсатты және еңбекқор болыңыздар! Жақындарыңыз сізді жақсы көріп, жұмысыңызда бағалап, құрметтесін!
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында 5,6 мамыр 19:00 де "Балалар жылын" және ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдау мақсатында спектакль өтуде . Аталмыш қойылым 15 жастағы «ерекше» бала Кристофердің күнделігі желісінде болмақ. Оның қызықты өмірі, отбасында болып жатқан жағдайлары, қоғаммен байланысы суреттеледі. @mambetov_theatre
Наши партнеры