Новости
Балалар өз қолдарымен "Әлем - бұл балалар"атты түрлі-түсті панно жасады.
Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында 2022 жылдың 30-31 мамыр аралығында біздің орталықта суреттер байқауы өтті және шығармашылық шеберхана жұмыс істеді.
Шығармашылық шеберханада балалар ата – аналарымен, педагогтармен бірлесіп өз қолдарымен "Әлем-бұл балалар" атты үлкен көркем панно жасады: қарындаштармен, саусақтармен сурет салып, гүлдерді бояп, көбелектерді қиып, аппликацияларды жапсырды.
Әр бала сыйлық ретінде сабын көпіршіктерін алды.
Бізге азаттық пен бейбітшілік сыйлаған Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілейміз. Мейрамдарыңызбен!
Осы көктемгі күн жақсы көңіл-күй мен жарқын эмоциялар әкелсін! Дендеріңіз сау және әрқашан жігерлі, физикалық күшті, мақсатты және еңбекқор болыңыздар! Жақындарыңыз сізді жақсы көріп, жұмысыңызда бағалап, құрметтесін!
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында 5,6 мамыр 19:00 де "Балалар жылын" және ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдау мақсатында спектакль өтуде .
Аталмыш қойылым 15 жастағы «ерекше» бала Кристофердің күнделігі желісінде болмақ. Оның қызықты өмірі, отбасында болып жатқан жағдайлары, қоғаммен байланысы суреттеледі.
@mambetov_theatre


Көктемнің осы тамаша күнінде Сіздерге мерекелік көңіл-күй, денсаулық, барлық істеріңізге табыс, отбасыларыңыз бен достарыңызға амандық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену тілейміз!
"Асыл Мирас" аутизм орталығының қызметкерлері "Бірге Таза Қазақстан" жалпықалалық экологиялық айлығы акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Іргелес аумақты тазалау барысында көгалдар қоқыстан тазартылды, қурап қалған бұтақтар алынып, терезелер мен витраждар тазаланып, жуылды.




Қаламызда аутизм спектрі бұзылған балалар салған суреттер көрмесі жалғасуда.
Сіз бұл керемет суреттерді 30 сәуірге дейін MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында көре аласыз.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) "Асыл Мирас" аутизм орталығының қызметкерлері тегін кеңес береді.
2022 жылы 6 сәуірде "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп " Аутизм орталығы жағдайында АСБ бар балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері"тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарда педагогтар "Асыл Мирас" Аутизм орталығы қызметінің технологиялық процесі туралы айтып, келесі тақырыптарды қарастырды:
• “АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқы. Қандай дұрыс әрекет жасау керек?”
• “3 жасқа дейінгі АСБ бар балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыру”
• “Ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту”
02.04.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Mega Silk Way» сауда орталығында Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай балалардың салған суреттерінің көрмесі өтті.
Көрмеде «Асыл Мирас» орталықтарына келетін АСБ бар балалардың жасаған жұмыстары қойылды.
Орталық мұғалімдері келушілердің сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, ақпарат таратты.
















