
"Ерте қолдау" бағдарламасы
"Ерте қолдау" бағдарламасында 0-3 жас аралығындағы АСБ бар балалар көмек алады. Баламен жұмыс топта жүргізіледі (3 бала және 3 ата-ана, 2 педагог).
"Ерте қолдау" бағдарламасының басты мақсаты: ата-ананы баласымен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Көптеген ата-аналар АСБ бар балаларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтарға тап болады. Егер сіз баламен ертерек жұмыс жасай бастасаңыз, онда сіз оған қажетті дағдыларды қалыптастыра аласыз. Осылайша, оның балабақшаға бару, құрдастарының арасына бейімделу мүмкіндігі жоғары болады.
Бағдарлама келесі дағдыларды дамытады:
• анамен, құрдастарымен қарым-қатынасты
• атқа жауап беруді, көз контактісін,
• ойын дағдыларын, эмоцияларын
• бірлескен ойынды.
