"Сөйлеу дағдыларын дамыту" бағдарламасында 3 жастан асқан балалар көмек алады. Баламен жұмыс ата-ананың қатысуымен жеке жүргізіледі. "Сөйлеу дағдыларын дамыту" бағдарламасының басты мақсаты- бірлескен ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту. Баланың дамуында- ойын маңызды құрал болып табылады. Баламен дұрыс ойын жүргізу арқылы- ынтымақтастық, сөйлеу сияқты дағдыларды дамытуға болады. Мұндай дағдыларды дамыту сіздің балаңызға басқа балалармен ойнауға және қоғамда әлеуметтенуге көмектеседі. Бағдарлама келесі дағдыларды дамытады: • сөйлеу дағдыларын • бірлескен зейін дағдыларын • сұрау дағдыларын • ойын дағдыларын.
Наши партнеры