6-тарау. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. 

      192. Аутизм-орталығы аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін жеке даму жоспарын (бұдан әрі – ЖДЖ), "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасын, түзету-дамыту бағдарламаларын қамтитын жеке дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – Қолдау бағдарламасы) іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.


      193. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қолдау жеке, кіші топтық/топтық жұмыс, психологиялық-педагогикалық кеңес беру және аутизмі (аутистік дамуы бұзылған) бар баланың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін (отбасы мүшелерін) оқыту нысанында ұсынылады.


      194. Аутизм-орталығы аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға, оның ішінде білім беру ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында білім алатын, психологиялық-педагогикалық қолдау болмаған жағдайда аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.


      195. Аутизм-орталығы білім беру ұйымдарының педагогтеріне аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балаларды оқыту, түзету, дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.


      196. Аутизм-орталығын басқару дара басшылық және алқалы басқару принциптеріне негізделеді. Алқалы басқару нысаны әдістемелік кеңес болып табылады.


      197. Аутизм-орталығын басқаруды директор жүзеге асырады.


      198. Аутизм-орталығына аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балалар ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен қабылданады. АСБ (РАС) скринингін жүргізу және консультациялық-диагностикалық көмек алу мақсатында ата-аналардың (заңды өкілдердің) ПМПК ұсынымысыз және қорытындысысыз аутизм-орталығына жүгінуіне жол беріледі.


      199. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Жұмыс оқу жоспарымен және аутизм-орталығының директоры бекітетін сабақ кестесімен регламенттеледі.


      200. Аутизм-орталығында психологиялық-педагогикалық қолдауды клиникалық педагогтер жүзеге асырады.
      Супервайзер (әдіскер) психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын, нысандарын, әдістерін анықтауда әдістемелік көмек көрсетеді, клиникалық педагогтердің командалық және жеке бағалауды ұйымдастыру, ЖДЖ және отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді.
      Әлеуметтік педагог ата-аналарға әлеуметтік мәселелер, оның ішінде әлеуметтік жәрдемақылар, қызметтер алу, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосымша көмекші құралдары бойынша кеңес береді.
      Тіркеуші ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың құжаттарын тіркейді және оларды аутизм-орталығының директорына береді. Педагогтерді жұмысқа қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.


      201. Психологиялық-педагогикалық қолдау "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасына сәйкес, арнайы әдістерді және оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып, балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.


      202. Аутизм-орталығында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ұзақтығы "Аутизм. Әлем бәріне ортақ" білім беру бағдарламасына және аутизмі (аутистік спектрі бұзылған) бар балалардың даму ерекшелігіне сәйкес, аптасына 3 рет қарқындылықпен, цикл – 36 сабақ болып анықталады. Сабақтың ұзақтығы 60 минутты құрайды.


      203. Аутизм-орталығының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәртібі мыналарды қамтиды:
      1) баланы ПМПК қорытындысы бойынша Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес тіркеу журналында (www.chis.kz) аутизм-орталығына тіркеу.
      2) Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес баланың даму картасында баланың анамнестикалық деректерін жинау және алғашқы кеңес беру.
      3) клиникалық педагогтің баланың психофизикалық күйін диагностикалық зерттеуі (M-CHAT-R, ADOS-2, құрылымдалмаған бақылау).
      4) ABLLS-R базалық сөйлеу және оқу дағдыларын бағалау хаттамасына немесе Халықаралық функциялар, тіршілік әрекетінің шектелуі және денсаулық жіктемесіне (бұдан әрі – ХФЖ) сәйкес функционалдық талдау (бұдан әрі – ФТ).
      5) Құжаттар тізбесімен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес ФТ нәтижелері бойынша ЖДЖ әзірлеу.


      204. Қолдау бағдарламаларында ЖДЖ іске асыру:
      1) "Ерте қолдау" бағдарламасы 0-ден 3 жасқа дейінгі ата-ана мен баланың өзара іс-қимылына бағытталған.
      Сабақтың ұзақтығы 60 мин, циклдің ұзақтығы – 36 сабақ.
      2) "Оқу дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3-тен 10 жасқа дейінгі баланың оқу дағдыларын дамытуға бағытталған.
      3) "JASPER сөйлеу дағдыларын дамыту" бағдарламасы 3-тен 7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу және ойын дағдыларын дамытуға бағытталған.
      4) "Әлеуметтік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан асқан баланың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.
      5) "Өмірлік дағдыларды дамыту" бағдарламасы 5 жастан асқан баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
      6) "Қарқынды курс" бағдарламасы баланың психологиялық даму деңгейі мен жасын ескере отырып, тіршілік әрекеті дағдыларын дамытуға бағытталған, баламен жеке сабақтар және аутизмі (аутистік дамуы бұзылған) бар баланың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін (отбасы мүшелерін) жеке оқыту арқылы іске асырылады.
      Сабақтың ұзақтығы 60 минут, курстың ұзақтығы 10 сабақ, сабақтар күнделікті өткізіледі.
      7) Қолдау бағдарламасының клиникалық педагогі әрбір сабақтың қорытындысы бойынша күнделікті мониторинг және цикл аяқталғаннан кейін баланың дамуын қорытынды бағалауды (қайталама ФТ) жүргізеді.
      8) цикл аяқталғаннан кейін клиникалық педагог ата-аналар үшін қалыптасқан дағдыларды бекіту және үй жағдайында жаңа дағдыларды алу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
      9) клиникалық педагог бекітілген кесте бойынша цикл бойы ата-аналар үшін жеке және топтық сабақтар нысанында оқыту семинарларын, тренингтерді, вебинарларды, консультацияларды, супервизияларды өткізеді.


      205. Алғашқы диагностикалық кеңес беруді, балалармен сабақтарды, ата-аналарды оқытуды кесте бойынша қашықтық форматта өткізуге жол беріледі.


      206. Аутизм-орталығының штат кестесі жүгінген балалардың саны және олардың қызметтерге деген қажеттіліктері негізінде қалыптастырылады.


      207. Клиникалық педагог, супервайзер, әлеуметтік педагог үшін нормативтік оқу жүктемесі аптасына 18 сағатты, директор, тіркеуші үшін – 30 сағатты құрайды.

Біздің серіктестер