Сіздің балаңыздың ойын деңгейі қандай? Ойын баланың дамуы үшін маңызды процесс. Ойын барысында зейіні, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеті жақсарады. Баламен ойнаған кезде ата-аналар ойынды қадағалау керек, яғни ойынның одан әрі дамуын білуі қажет. Сондықтан балаңыздың ойын деңгейін білу маңызды. Сонда бала өзін жайлы, сенімді сезінеді және құмарлықпен ойнайды. Мұның бәрін біз оның деңгейінде ойнай отырып, дұрыс ойын арқылы ғана жүзеге асыра аламыз. Ойын деңгейлері: қарапайым, процедуралық, сюжеттік және сюжетті-рөлдік болып бөлінеді. Қарапайым ойын деңгейі: бала көлікті жүргізеді, конструкторды, пирамиданы бөлшектейді, допты домалатады. Процедуралық ойын деңгейі: бала мұнаралар құрастырады, кесеге қасық салады, адамдарды үйге орналастырады. Сюжеттік ойын деңгейі: бала өзін қасықпен тамақтандырады,шыныаяқтан ішеді және т. Б Сюжетті-рөлдік ойын: бала өмірден алынған рөл атқара алады, мысалы, дәрігердің,әкенің, өрмекші адамның рөлі. Енді сіз балаңыздың ойын деңгейін анықтай аласыз. Баланың ойын деңгейіне сәйкес сюжет құру арқылы, біртіндеп қиындату және ойынның келесі деңгейіне өту керек болады.
Наши партнеры