"Өмірлік дағдылар" бағдарламасында 5 жастан асқан АСБ балалар көмек алады. Баламен жұмыс ата-ананың қатысуымен жеке жүргізіледі. "Өмірлік дағдылар" бағдарламасының мақсаты: балаға өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйрету. Көптеген ата-аналар академиялық дағдыларды қалыптастыруға назар аударады (оқу, жазу, математика). Бірақ өзін-өзі күту дағдысы ретінде өмірлік-маңызды дағдыларды игеру АСБ бар бала үшін өте маңызды болып табылады. Ол қоғамдық орындарда өзін жайлы және табысты сезінетін болады. Бағдарлама келесі дағдыларды дамытады: • Киіну; • Тамақтану; • Ұқыптылық (жеке гигиена); • Ұқыптылық (дәретхана).
Наши партнеры