"Асыл Мирас" Аутизм орталығында ата-аналарға қолдау және көмек көрсету "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығы " КММ педагогтары ата-аналарға арналған ақпараттық-оқыту семинарларын өткізеді. Курста жүрген әр баланың ата-анасы аптасына бір рет семинарларға қатысады. Алынған білім оларға баласының мінез-құлқын басқаруға, оны ынталандыруға көмектеседі, баламен қалай дұрыс ойнау керектігін үйретеді. Балаға өмірлік дағдыларды мүмкіндігінше ертерек үйрете бастау маңыздылығын түсінеді . Семинар барысында ата-аналар қарым-қатынас жасай отыра, бір-бірімен өмірлік тәжірибелерімен алмасады, пайдалы ақпарат алады, қызықтыратын мәселелерді талқылайды.
Наши партнеры