Отбасы - бұл әр отбасы мүшесі белгілі рөлдерді орындайтын, онда өз орнын алатын маңызды орта болып табылады. Бұрындары әкелер отбасын материалды тұрғыда қамтамасыз етумен айналысса, аналар үйде жайлылық пен жылулық орнатып, балаларды тәрбиелеумен айналысқан. Бірақ қазіргі таңда баланың тәрбиесіне тек аналар ғана емес, әкелер де белсене қатысады. Біздің «Ерте қолдау» бағдарламамызда бала бізбен де, анасымен де жұмыс істегісі келмеді. Біз сабақ процесіне әкесін тартуды шештік. Сыныпта әке баламен белсенді ойнап, сабақ процесіне қосылғаннан бастап баланың мінез-құлқы жақсы жаққа өзгере бастады: - ойыншықтарға қызығушылық танытты; - басқа балалармен ынтымақтаса бастады; - ойыншықтармен бөлісе бастады; - өз кезегің күтуді үйренді; - сабаққа қызығушылықпен келе бастады; – ым-ишара түрінде қалаған заттарды сұрай бастады. Әкенің қолдауы мен ілтипаты балаға қатты әсер етті. Осыдан кейін баланың мінез-құлқы тек біздің сабақтарда ғана емес, ата-аналар атап өткендей үйде де жақсарды.
Наши партнеры