
"Әлеуметтік дағдыларды дамыту" бағдарламасы
"Әлеуметтік дағдылар" бағдарламасында 5 жастан асқан балалар көмек алады. Баламен жұмыс топта жүргізіледі (4 бала және 2 педагог).
"Әлеуметтік дағдылар" бағдарламасының басты мақсаты: бірлескен ойын әрекеті негізінде АСБ бар балаларда әлеуметтік дағдыларды дамыту.
Әлеуметтік дағдыларды меңгеру- басқалармен қарым-қатынас жасай білу дегенді білдіреді.
Бағдарлама келесі дағдыларды дамытады:
* Әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдылары (көзге қарау, бірінші болып сәлемдесу, басқа құрдастарына жауап беру);
* Ойын дағдылары (үстел үстіндегі рөлдік ойындарды ойнау, құрдастарымен ойнау);
* Топтағы мінез-құлық (топта сабырлы болу, мұғалімнің жалпы нұсқауларын тыңдау).
