Бұл бағдарламаның мақсаты ABLLS-R (Assessment of Basic Language and Learning Skills - Revisited - базалық оқу және вербалды қабілеттерді бағалау) жүйесіне сәйкес келесі бағыттарды дамыту болып табылады:
- Ынтымақтастық.
- Көру қабылдауы.
- Сөйлеуді қабылдау.
- Моторлық еліктеу.
- Вокалдық еліктеу.
- Сұраныстар (өтініштер).
- Өзара іс-қимыл.
- Атау (заттарды атау).
- Спонтанды вокализация.
- Оқу.
- Математика.
- Әжетхана дағдылары.
Бағдарламаны іске асыру ABA-терапия әдістемесін қолдануға негізделген.
ABA-терапия - Applied Behavior Analysis (Қолданбалы мінез-құлық талдауы) – бұл мінез-құлықты зерттейтін және оны жақсы, әлеуметтік қолайлы жаққа өзгерту үшін бірқатар негізгі принциптерді қолданатын ғылыми пән.
Қолданбалы талдаудың үш негізгі бағыты бар:
- Әлеуметтік қолайсыз мінез-құлықты түзету;
- Құрылымдалған (нақты ережелерге сәйкес, белгілі бір міндеттерді көздейтін) дағдыларға үйрету;
- Вербалды мінез-құлықты талдау және үйрету.
ABA-терапия қолайсыз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған көптеген тәсілдер мен стратегияларды қолданады, соның ішінде:
- Визуалды түрде ресімделген ережелер;
- Қатесіз оқыту;
- Нұсқаулар (көмекші белгілер);
- Әлеуметтік оқиғалар;
- Тапсырмалар кестесі;
- Графиктер;
- Бейнемодельдеу;
- Мінез-құлық сәті;
- Алдыңғы факторларды зерттеу және бақылау.
Оқытудың бастапқы кезеңінде педагог балаға функционалдық талдау жүргізеді. «Оқыту дағдыларын дамыту» бағдарламасы аясында бала дамуының функционалдық талдауы 3-7 жас аралығындағы оқу дағдылары дамуының негізгі параметрлеріне негізделеді. Функционалдық талдау нәтижесі бойынша баланың жеке даму жоспары жасалады. Әр сабақтың соңында педагог баланың ілгерілеуін (прогресін) бағалайды.
Бағдарламаның ұзақтығы 3 ай: аптасына 3 сабақ, айына 12 сабақ, барлығы: 3 айда 36 сабақ.
Бағдарлама аясында оқыту топтарда өтеді, бірақ топтық және жеке форматтағы жұмыс стратегиялары бірдей қолданылады. Топтар жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерді ескере отырып құрылады.
Сабақтарда біз не істейміз:
- Сәлемдесу (шеңбер).
- Бағдарламалар бойынша жеке сабақ.
- Үзіліс.
- Бағдарламалар бойынша жеке сабақ.
- Топтық сабақ (конструктивті әрекет).
- Үзіліс.
- Топтық сабақ (қоршаған ортамен танысу).
- Логоритмика.
- Қоштасу.














