Бағдарламаның мақсаты:

0-ден 3 жасқа дейінгі бала мен ата-ананың өзара іс-қимылын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Баланың қозғалыс дағдыларын дамыту.
  2. Баланың сенсорлық дағдыларын дамыту.
  3. Баланың әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту (ойын, басқа адамдармен қарым-қатынас, сезімдерін білдіру).
  4. Баланың коммуникативтік дағдыларын дамыту (тыңдау, түсіну, сөйлесу).

Бағдарламаның қызметі:

Бағдарлама ХФЖ (Халықаралық функциялар, тіршілік әрекетінің шектелуі және денсаулық жіктемесі) бойынша келесі даму салаларына бағытталған:

  1. Коммуникация (қарым-қатынас)
  2. Әлеуметтік өзара іс-қимыл
  3. Әлеуметтік дағдылар
  4. Ойын
  5. Моторика
  6. Мінез-құлық

Бағдарламаның мақсатты тобы:

  1. 0-ден 3 жасқа дейінгі Асп (РАС) қауіп тобындағы бала.
  2. Асп қауіп тобындағы баланың ата-аналары.

Бағдарлама аясындағы көмек форматы:

  1. Клиникалық педагогтың баламен тікелей жұмысы кезінде ата-аналарды топта оқыту.
  2. Бағдарлама курсы аяқталғаннан кейін ата-аналарға арналған кеңестер.

Бағдарламаның құрылымы:

Бағдарламаның ұзақтығы:

Бағдарлама ұзақтығы 3 айды құрайды: аптасына 3 сабақ, айына 12 сабақ, барлығы: 36 сабақ.

Топ:

Бір топтың құрамы келесідей қалыптасады: 3 ата-ана және 3 бала, олармен 2 педагог жұмыс істейді.

Біздің серіктестер