Әлем - бұл балалар
Балалар өз қолдарымен "Әлем - бұл балалар"атты түрлі-түсті панно жасады.
Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында 2022 жылдың 30-31 мамыр аралығында біздің орталықта суреттер байқауы өтті және шығармашылық шеберхана жұмыс істеді.
Шығармашылық шеберханада балалар ата – аналарымен, педагогтармен бірлесіп өз қолдарымен "Әлем-бұл балалар" атты үлкен көркем панно жасады: қарындаштармен, саусақтармен сурет салып, гүлдерді бояп, көбелектерді қиып, аппликацияларды жапсырды.
Әр бала сыйлық ретінде сабын көпіршіктерін алды.