«Асыл Мирас» №5 ППТК» КММ оқытушылары «Болашақ» корпоративтік қорының шақыруымен Ю.Эрц пен О.Мелешкевичтің қазақ тіліне аударылған «Ерекше балалар: Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты. Тұсаукесер барысында Қордың мінез-құлық талдаушылары мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA-терапия) және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша оқыту семинарларын өткізді. «Ерекше балалар» кітабын қазақ тіліне аударған «Болашақ» Корпоративтік қорына алғысымызды білдіреміз.
Наши партнеры