2022 жылы 6 сәуірде "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп " Аутизм орталығы жағдайында АСБ бар балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері"тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинарда педагогтар "Асыл Мирас" Аутизм орталығы қызметінің технологиялық процесі туралы айтып, келесі тақырыптарды қарастырды: • “АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқы. Қандай дұрыс әрекет жасау керек?” • “3 жасқа дейінгі АСБ бар балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыру” • “Ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту”
Наши партнеры