Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығы " КММ-де қалалық семинар өтті.
2022 жылы 6 сәуірде "Асыл Мирас "аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп " Аутизм орталығы жағдайында АСБ бар балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері"тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарда педагогтар "Асыл Мирас" Аутизм орталығы қызметінің технологиялық процесі туралы айтып, келесі тақырыптарды қарастырды:
• “АСБ бар балалардың жағымсыз мінез-құлқы. Қандай дұрыс әрекет жасау керек?”
• “3 жасқа дейінгі АСБ бар балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыру”
• “Ойын арқылы АСБ бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту”