Аутизмі бар балалар салған суреттер көрмесі.
Қаламызда аутизм спектрі бұзылған балалар салған суреттер көрмесі жалғасуда.
Сіз бұл керемет суреттерді 30 сәуірге дейін MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында көре аласыз.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) "Асыл Мирас" аутизм орталығының қызметкерлері тегін кеңес береді.