Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорының ынтымақтастығының нәтижесінде 2020 жылғы 3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 23/2 мекенжайы бойынша №5 "Асыл Мирас" ППТК КММ ашылды.
№5 ППТК КММ ғимараты қалалық әкімдіктен бөлінді және "Болат Өтемұратов Қоры" ЖҚ қолдауымен ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықталған. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қоры арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде "Асыл Мирас" Аутизм орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына №5 ППТК ҚММ түрінде табысталды. Елордада "Асыл Мирас" Аутизм орталығы 2015 жылы ашылды. Осы жылдар ішінде орталық мамандары өз білімдерін арттырып, тиімділігі дәлелденген арнайы әдістемелер бойынша халықаралық деңгейдегі сертификаттар алды.
5 жылдың ішінде орталықта әр-түрлі бағдарламалар бойынша 1100 бала көмек алды. «Асыл Мирас» орталығы баланың әлеуметтік бейімделуі мен өмірлік дағдыларын дамытуда, дәлелденген әлемдік әдістемелер негізінде тегін және тиімді көмек көрсететін жалғыз орталық ретінде АСБ-бар балалардың ата-аналары кеңінен танымал болды.
"Асыл Мирас" Аутизм орталығы жаңа форматта №5 "Асыл Мирас" ППТК КММ Болат Өтемұратовтың жеке қорының «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Орталықта АСБ бар балалар тәжірибие жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген әлемдік жетекші әдістемелер бойынша психологиялық – педагогикалық көмегк алатын болады.



