2021 жылдың 2 сәуірінде №5 КППК «Асыл Мирас» Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күніне орайластырып ашық есік күнін өткізді.
Онлайн-экскурсия кезінде педагогтер виртуалды қонақтарға мекемені көрсетіп, көмек бағдарламалары және АСБ бар балаларды оқытуда қолданылатын әдістер туралы айтып берді. Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні жыл сайын 2 сәуірде атап өтіледі. Бұл күн БҰҰ Бас ассамблеясының 2007 жылғы желтоқсандағы отырысында аутизммен ауыратын балалардың көптігіне алаңдауды білдіру мақсатында белгіленді.