2021 жылдың 26 қаңтары мен 29 қаңтары аралығында №5 Асыл Мирас КППК мамандары дағдарыстың алдын алу бойынша оқудан өтті
2021 жылдың 26 қаңтары мен 29 қаңтары аралығында №5 Асыл Мирас КППК мамандары дағдарыстың алдын алу бойынша оқудан өтті (MCPP - Маркус дағдарыстың алдын алу бағдарламасы).
Тренингтің мақсаты - мамандарға бала мен педагогтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, дағдарыс жағдайында баламен дұрыс әрекет етуге және тиісті реакция жасауға үйрету.
Бұл оқытуды "Болат Өтемұратов Қоры" жеке қоры ұйымдастырды және АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан Маркус Аутизм орталығының басшысы Сэт Кларк өткізді.
Біздің білікті мамандарымыз Б.Абжанованы және А.Байкокшинованы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша оқыту МСРР тренингін табысты аяқтауымен құттықтаймыз.
Біздің ППТК-нің барлық мамандары бұрын сонды бұл стратегияларды меңгеріп, өз білімдерін жыл сайын жаңартып отыратынын атап өткен жөн. Ал бүгін біздің екі маманымыз МСРР тренері мәртебесіне ие болды.