Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Сіздерге денсаулық, күш-қуат, сабыр тілейміз. Жаңа жылда көптеген тосын сыйлар мен жағымды жаңалықтар, мерекелер, балаларыңыздың жетістіктері көп болсын!
Сіздерге бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке тілейміз! Ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын, балаларыңыздың жетістіктері көп болсын!
Жаңа 2021 жыл қарсаңында ППТК-да әрбір балаға Аяз Атадан сыйлық берілді!
Балаларға табысталған сыйлықтар үшін Болат Өтемұратов Қорына ерекше алғысымызды білдіреміз!