2020 жылғы 22 желтоқсанда «№5 «Асыл Мирас» ППТК» КММ мамандары Болат Өтемұратов Қорының жалпы жиналысына қатысты, жиналысқа басқа қалалардың да «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары қатысты.
Кездесу барысында Қордың 2020 жылы атқарған қызметінің қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған жоспарлары анықталды.
2020 жылы Болат Өтемұртовтың Қоры әлеуметтік жобаларға 5,2 млрд теңге бөлді, олардың жартысы жоспарланбаған болатын. Олардың ішінде мемлекет пен қоғамға коронавирус пандемиясымен күресуге және су тасқыны салдарынан үйінен айырылғандарға үй салуға көмек көрсету болды.
Болат Өтемұратовтың Қоры «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтарының желісін құрып және оларды кеңейтуді жалғастыруда: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл қалаларымен қоса, биылғы жылдың соңына дейін Павлодарда тоғызыншы орталық ашылады. Келесі жылы Тараз қаласында орталық ашу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін орталықтарда 7,5 мың бала диагностикадан өтті, бағдарламаларға 5,5 мыңнан астам бала түсіп, оның ішінде бағдарламаларды толық аяқтаған балалардың саны 4,3 мыңға жетті. "Асыл Мирас" Аутизм Орталықтары тегін қызмет атқарады. Пандемия кезінде "Асыл Мирас" Аутизм Орталықтары жұмысты онлайн режимде жалғастырды.
Біздің орталықтарда көмек алған әрбір баланың әлеуметтік, коммуникативтік, сөйлеу, өмірлік, академиялық дағдылары жақсарды.

Қордың қызметін тану
- Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін Болат Өтемұратовқа «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
- Мырзакент қаласында 150 үй салғаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті «Верный Капитал» компаниясына және Қорға алғыс айтты.
- Қор директоры Марат Айтмағамбетовке «Халық алғысы» медалі табыс етілді.
- Burabike Fest жобасы шеңберінде медициналық жабдықты беру және «Асыл Мирас» Аутизм орталықтарының қызметін ұйымдастырғаны үшін облыс және қала әкімдіктерінен алғыс хаттар табысталды.
Жыл сайын Болат Өтемұратовтың Қоры барлық «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтарындағы қызметкерлерді кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін марапаттайды.
Болат Өтемұратов Қоры 2020 жылғы жетістіктері үшін Нұр-Сұлтандағы орталық мамандарын келесі номинациялар бойынша марапаттады:
«2020 жылдың үздік қызметкері» - Айдарканова Зауреш
«2020 жылдың бірегей қызметкері» - Абжанова Бибинур
«2020 жылыдың жылы жүрегі» - Сапар Камила
Болат Өтемұратовтың қоры «Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасы бойынша 2021 жылдың жоспарымен таныстырды:
- Мамандардың біліктілігін арттыру жүйесін жалғастыру:
- ABA, MCPР, ESDM бағдарламалары бойынша сертификатталған халықаралық оқыту;
- TOT меңгеру, көпшілік алдында сөйлеуге үйрену.
- Менеджерлердің басқарушылық құзыреттіліктерін арттыру:
- команданы тиімді басқару;
- жағдайлық көшбасшылық.
- Қорға деген адалдық сақтау:
- Қордың корпоративтік кодексін тарату;
- Іскерлік әдептілік мектебі;
- Ұжымдық «Күзгі ретрит 2021» (10 орталық)