JASPER — бұл аутизм спектрі бұзылысы бар балалардың қарым-қатынас, бірлескен ойын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған дәлелді әдіс.
JASPER атауы: Joint Attention (бірлескен зейін) Symbolic Play (символдық ойын) Engagement (қарым-қатынасқа қатысу) Regulation (мінез-құлықты реттеу)
Бұл әдісте маман баланың қызығушылығына сүйеніп, ойын арқылы байланыс орнатуды үйретеді. Баланы мәжбүрлеу емес, оның бастамасын қолдау — JASPER-дің негізгі қағидасы.
JASPER НЕ ДАМЫТАДЫ?
- көзбен байланыс
- кезектесу
- бірлескен назар
- ойын дағдылары
- коммуникация
ҮЙДЕ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
- Баланың таңдаған ойынына қосылыңыз
- Ойын кезінде кезектесуді көрсетіңіз
- Қарапайым символдық ойындарды қолданыңыз (қуыршақты тамақтандыру, машинаны жүргізу)
- Баланың әрекеттерін сөзбен сипаттаңыз
Ең маңыздысы — бала үшін ойын қызықты және қауіпсіз болуы керек.
#аутизм #JASPER #асылмирас








