05.04.2024 Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін "Аутизм орталығында АСБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар спикерлері болып "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда келесі тақырыптар қамтылды:

1. "Асыл Мирас" Аутизм Орталығының қызметінің технологиялық процесі;

2. "Асыл Мирас" Аутизм орталығындағы диагностикалық тексеру;

3. АСБ бар балалардың ерте дамуы (0-3 жас);

4. AСБ бар баланың жағымсыз мінез-құлқы. Жағымсыз мінез-құлыққа дұрыс жауап беру жолдары;

5. АСБ бар балалардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу.

 

Тақырыптар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында спикерлер қойылған  сұрақтарға жауап берді.

Наши партнеры