2024 жылғы 2 сәуірде "Асыл Мирас "№ 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ -де Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік күні» өтті. Қонақтардың арасында "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығында оқу курсынан өтіп жатқан педагог-ассистенттер, білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары болды. Іс-шара барысында қонақтарға арнайы экскурсия өткізіліп, аутизм орталығының жұмысымен таныстырылды. Сондай-ақ, мамандарға АСБ бар балаларда жағымсыз мінез-құлық пайда болған кездегі түзете-педагогикалық жұмыс стратегиялары туралы ақпарат берілді.
