15.03.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің  "Асыл Мирас" №1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы " КММ – де семинар-практикум өтті. Семинардың тақырыбы "Аутизм орталықтарында АСБ  бар балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктер". Семинар-практикумға Ақмол ауылы, Целиноград ауданы №11 ППТК мамандары және "Нұрлы Жүрек "әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Семинар-практикум барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- "Асыл Мирас" Орталығының Аутизм қызметінің технологиялық процессі";
- "Аутизм туралы жалпы түсініктер. АСБ бар балалардың даму ерекшеліктері";
- "АСБ бар балаларды оқыту әдістері. Қолданбалы мінез-құлықты талдау туралы жалпы түсініктер";
- "АСБ бар баланың жағымсыз мінез-құлқы. Жағымсыз мінез-құлыққа қалай дұрыс жауап беру керек?»;
- "АСБ бар балалардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бағдарламасымен танысу".
Семинар соңында қатысушылар сұрақтарға жауап алды.

Наши партнеры