Бағдарламаның мақсаты: бірлескен зейін, символдық ойын, тартылу және балаларды реттеу негізінде аутистік спектр бұзылыстары бар балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
1. Сұрау дағдыларын дамыту.
2. Бірлескен зейін дағдыларын дамыту.
3. Ойын дағдыларын дамыту.
ДЖАСПЕР әдістемесінің компоненттері
Сабақтар баланың жасына және даму деңгейіне байланысты 30-60 минуттан өткізіледі.
Интервенция курсы аптасына 3 рет, барлығы 36 сабақтан тұрады.
Сабақтар ойынға негізделген жеке форматта өтеді.
Орталықтағы шағын бөлмелерде немесе үйде өткізіледі.
ДЖАСПЕР әдістемесінің негізгі ұғымдары
JA – Joint Attention (Бірлескен зейін)
SP – Symbolic Play (Символдық ойын)
E – Engagement (Тартылу / Белсенді қатысу)
R – Regulation (Реттеу, ережелерді сақтау)
Әлеуметтік қарым-қатынас (бірлескен зейін және сұрау дағдылары) — бұл қажеттілікті хабарлау мүмкіндігі, яғни басқа адамдардан бірдеңе сұрау немесе әсерімен бөлісу үшін басқаларға ақпарат жеткізу.
Әлеуметтік қарым-қатынастың 2 түрі бар: 1. Сұрау; 2. Бірлескен зейін.
БІРЛЕСКЕН ӘРЕКЕТ — бұл баланың ересек адаммен бірге ойнауы, мұнда ойын әрекеттері кезекпен орындалады және бала ересек адамның оған қарап тұрған-тұрмағанына назар аударады. Басқаша айтқанда, «тартылу» — бұл баланың ойын процесіне және ойын серіктесіне қызығушылық танытуы.
Тартылу баланы сәтті оқытуға, оның ойын және әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын (ойын деңгейлері)
Ойын кезіндегі ересек адамның мақсаты — өздігінен ойналатын ойынның жиілігін, әртүрлілігін және күрделілігін арттыру.
ОЙЫН 4 деңгейден тұрады:
- Қарапайым;
- Комбинацияланған;
- Символдық ойынға дайындық;
- Символдық ойын.















