Командалық диагностика (ADOS-2) құрамына педагог-психолог, әдіскерлер, жекелеген бағдарламалардың педагогтары және тікелей басшы кіреді.

Диагностика кезінде педагог-психолог ата-аналармен әңгімелесу жүргізеді және бала туралы мәліметтер жинайды. Алынған ақпарат негізінде даму картасын толтырады, медициналық құжаттарды талдайды, ПМПК қорытындысында көрсетілген диагнозды жазып алады. Сонымен қатар баланың еркін мінез-құлқын бақылайды. Ата-аналар сауалнамаларды және M-CHAT парағын толтырады.

Маман әрбір диагностикалық критерий бойынша («Глобалдық шкалалар» бланкісіндегі OSU Аутизмді бағалау шкаласы) сұрақтар қойып, мысалдар келтіруді сұрайды. Сұрақтарға толтырылған сауалнамалар негіз болуы мүмкін. Маманның сарапшылық пікірі негізінде СGI-S/OSU жеті балдық шкаласы («Глобалдық шкалалар» бланкісіндегі Аутизм ауырлығының жаһандық шкаласы) бойынша жағдайдың ауырлығы анықталады. Көмек курсы аяқталғаннан кейін дәл осы шкала бойынша серпінді (динамикада) ауырлық деңгейін анықтауға болады. Балдар жиынтық кестеге көшіріледі.

Барлық сауалнамалар жүргізіліп, мәліметтер жиналғаннан кейін маман баланы ADOS-2 бойынша тікелей тексеруге көшеді.

ADOS-2 (Autism, Diagnosis, Observation, Schedule) диагностикалық тексеруі – бұл аутизм кезіндегі диагностикалық тексеру жоспары. ADOS-2 тексеруін педагог-психолог 40-60 минут ішінде жүргізеді. Маман баланың сол сәттегі мінез-құлқы мен сөйлеу ерекшеліктерін тексеру хаттамасына тіркейді. Бұл қарым-қатынасты, әлеуметтік өзара іс-қимылды, ойынды және/немесе қиялды қолдана отырып материалдарды пайдалануды бағалаудың стандартты, салыстырмалы түрде құрылымдалған әдісі.

ADOS-2 бойынша диагностикалық тексерудің мақсаты: Асп (РАС) диагнозын растау немесе растамау. Сондай-ақ салыстырмалы шкалалар бойынша аутистік көріністердің дәрежесін анықтау.

ADOS-2 бойынша диагностикалық тексеру жүргізу кезінде әдістемелік нұсқаулық қолданылады.

ADOS-2 4 модульден тұрады. Әр модульде іс-әрекет жоспары жазылған өз хаттамасы қарастырылған.

Модульді таңдау экспрессивті сөйлеудің даму деңгейіне байланысты:

Т модулі – 12-18 айлық ерте жастағы балаларға арналған.

1-модуль – вербалдыға дейінгі қарым-қатынас / жекелеген сөздер (сөйлеудің болмауы).

2-модуль – фразалық сөйлеу (жеткілікті еркін емес сөйлеу, жекелеген фразалар).

3-модуль – фразалық сөйлеу (16 жасқа дейінгі еркін сөйлеу).

4-модуль – фразалық сөйлеу (16 жастан асқандар мен ересектердің еркін сөйлеуі).

Әрбір модуль диагностикалық материалдардың белгілі бір жиынтығын қамтиды.

Диагностикалық тексеру жоспары орындалғаннан кейін диагностика тобының мүшесі Модульге сәйкес баланың мінез-құлқының әртүрлі аспектілерін кодтайды (шифрлайды). Балдардың қосындысы бойынша ADOS-2 классификациясына сәйкес диагноз қойылады. Командалық диагностика аяқталғаннан кейін педагог балаға қорытынды жасайды. Диагностикалық тексеру нәтижесі ата-аналарға ауызша хабарланады.

Командалық диагностика қорытындысы бойынша оның құрамына кіретін барлық мүшелер алқалы түрде баланы бес бағдарламаның біріне жіберу туралы шешім қабылдайды:

  • Ерте қолдау көрсету
  • «Оқу дағдыларын дамыту» бағдарламасы
  • «Әлеуметтік дағдыларды дамыту» бағдарламасы
  • «Өмірлік дағдыларды дамыту» бағдарламасы
  • Джаспер

Бағдарламаны таңдау оңалту курсына түсу сәтіндегі дағдылар тапшылығының басымдығына сәйкес жүзеге асырылады.

ADOS-2 жүргізуге болмайтын жағдайлар (қарсы көрсетілімдер):

  • Айқын моторлық бұзылыстар (айқын гиперкинездері бар БЦП, спастикалық тетрапарез БЦП)
  • Баланың «өрістік» (полевое) мінез-құлқы
  • ADOS-2 тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін көру және есту қабілетінің бұзылуы
  • Баланың басқа мәдениет пен қарым-қатынас тілінде болуы
  • Баланың негативизмі
  • Баланың ментальды жасы 12 айдан төмен болуы
  • Дамудың дөрекі тежелуі, орташа ақыл-ой кемістігі.
Біздің серіктестер