Көз байланысы - бұл нәресте сіздің көзіңізге тіке қараған кезін атаймыз. "Байланыс" сөзінің өзі баланың бізбен осылай сөйлесетінін, яғни вербальды емес деңгейде қарым-қатынасқа түсуін көрсетеді. Бұл балаға туылғаннан бастап бойында болатын алғашқы қарым-қатынас функцияларының бірі болып табылады.
Баланы көзге қарауға қалай үйрету керек?
Ойын кезінде көз байланысын қалыптастыру әдістері:
- Бірлескен ойын әрекетінде балаңызға қарама-қарсы жаққа отырыңыз, сонда ол сіздің бетіңіз бен көзіңізді көреді. Мысалы, егер сіз конструкторды, басқатырғыштарды немесе мозаиканы жинасаңыз, балаңызға көз деңгейінде бөліктерін беруіңіз қажет.
- Жарқын заттарды қолданыңыз: сайқымазақ мұрын, күлкілі көзілдірік, мерекелік жиынтықтағы заттар: (таяқшадағы ауыз, таяқшадағы мұрт) және т. б.
Сіз түрлі-түсті шаштар мен шляпаларды пайдалана аласыз. Балалар заттарды көре бастаған кезде, оларға қызығып, қол тигізуге тырысады. Сонымен қатар сіз саусақтарыңыздан бинокль жасап, оған қарасаңыз, бала да сізге жауап береді. Сондай кездерде бала сізбен көз байланысын орнатады.
- Дыбыс шығаратын заттарды қолданыңыз (сылдырмақ, қоңырау және т.б.).
Қоңыраудың көмегімен біз баланың пайда болған дыбысқа реакциясын тудырамыз. Бала қоңырауға көзін түсірген кезде, оны дереу жігерлендіру қажет.
Баланы дыбыс көзін іздеуге ынталандырамыз. Бала басын дыбыс шығаратын затқа бұрса, оған қараса, бұл кезде де міндетті түрде оны жігерлендіреміз.
- "Қытықтау" Ойыны.
Баланы қытықтаңыз, содан кейін одан бірнеше қадам алыстаңыз. Бала енді оны қайтадан қытықтайтыныңызды түсінуі үшін арнайы позаны қабылдаңыз: қолыңызды балаға қарай созыңыз, саусақтарыңызды қозғалтыңыз және оған қарай баяу күлімсіреп жылжыңыз. Сөйлеу тілін түсінетіндерге: "қытықтаймын-қытықтаймын!" деп айтсаңыз болады.
Содан кейін, бала үшін мұндай қалаған қозғалыс ол сізге қараған кезде ғана жалғасады. Егер ол басқа жаққа қарай бұрылса немесе басқа жаққа қараса – сіз тоқтауыңыз керек. Сізге қараса – балаға баруыңыз керек.
Бұндай ойындар кезінде балаға ережелерді түсіндірудің қажеті жоқ – себебі ол бірден немесе біртіндеп, бірақ интуитивті түрде өзінің «көз байланысы» «сиқырлы» күшке ие екенін түсінеді.
Баланың әрбір дұрыс реакциясы үшін баланы құшақтап, мадақтап, эмоциялармен марапаттауды ұмытпаңыз!