2025 жылдың сәуір айында тағайындалған Болат Өтемұратов Қорының жаңа директоры Айнұр Бағдатқызы Қарбозова орталығымызға келіп, орталықтың жұмыс жүйесімен және мамандарымен танысты. Сапар барысында орталықтың қызмет көрсету бағыттарын, негізгі жобаларын, сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған бастамаларды талқылады.
Кездесу барысында Айнұр Бағдатқызы қордың әлеуметтік бағыттағы жұмыстарын одан әрі дамытуға, білім беру саласына бағытталған жобаларды қолдауға мүдделі екенін атап өтті.
Орталық ұжымы өз тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет беріп, тәжірибесімен бөлісті. Қор директоры мамандардың кәсібилігін жоғары бағалап, болашақта тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.