Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі алғаш рет Арнайы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында министр ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы білім алуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.
Министрдің айтуынша, инклюзивті білім беруді дамыту – білім саласындағы басты бағыттардың бірі. Осы мақсатта арнайы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің біліктілігін арттыру және ата-аналармен тығыз байланыс орнату маңызды.
Кездесу барысында өңірлерден келген ұйым басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше балаларды қолдауға бағытталған бастамалар мен проблемаларды талқылады. Министр барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, жүйелі өзгерістер енгізу үшін нақты қадамдар жасалатынын жеткізді.
Орталық басшысы А.С. Абиева «Аутизмі бар балаларға арналған орталықтардағы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу соңында министр кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге ведомствалық марапаттар табыс етті.
Орталығымыздың әдіскері Карлыгаш Шалкаровна Жагипарова “Еңбек ардагері” медальімен марапатталды.