17.11. 2023ж «Астана қаласы әкімдігінің «№1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының» педагогтары: Мухамеджанова Г, Омарканова Ж, Дюсембекоа М. Астана қаласы әімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының барлық педагогтарына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: Аутизм жайлы жалпы түсініктер. АСБ бар балалардың даму ерекшеліктері АСБ бар баланың қалаусыз мінез- құлқы. Қалаусыз мінез құлыққа қалай дұрыс жауап беру керек? АСБ бар балаларды өмірлік дағдыларға үйрету АСБ бар баланың ата-анасына консультациялық көмек көрсету Семинар соңында қатысушылар ашық диалог аясында сұрақтарға жауап алды. Семинар жұмысына 30-дан астам педагог қатысты.
Наши партнеры