27.10.2023 ж. Астана қаласы әкімдігінің «№1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ мамандары "Әдістемелік орталықпен" бірлесіп, арнайы түзету мектептерінің үйде оқыту мұғалімдері үшін «Аутизм спектрі бұзылған балаларда негізгі дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланды: "АСБ бар балаларды оқыту әдістері. Қолданбалы мінез-құлықты талдау туралы жалпы түсініктер"; "АСБ бар баланың қалаусыз мінез-құлқы. Қалаусыз мінез-құлыққа қалай дұрыс жауап беру керек"; "АСБ бар балалардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бағдарламасымен танысу"; Семинарға 35 оффлайн және 60 онлайн үйден оқыту мұғалімдері қатысты.
Наши партнеры